Шымкент қалалық экология департаментінің басшысына қатысты қызметтік тексерістің алдын-ала қорытындысы айтылды. Бұған дейін әлеуметтік желіде қаланың бас экологы төбелесті деген видео жарияланған болатын.

Мемлекеттік қызмет істері департаменті, бейнедегі азаматтар Экология департаментінің басшысы Оразғали Егемдердиев пен оның қоластындағы қызметкері екенін растады. Алайда видео тарағаннан бір апта бұрын Егембердиев жұмыстан кету туралы арыз берген. Ал қоластындағы қызметкері оған дейін жұмыстан шығып кеткені анықталды.

Оразғали Егембердиев қаланың бас экологы қызметінен әлі босатылған жоқ. Себебі арызға әлі қол қойылмаған. Арыз жазып кеткен шенеунік сол кеткеннен мол кетті дейді мамандар.

Әли Көмекбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департамент басшысы: «Сол жарияланардан апта бұрын арыз жазған екен. Босатуды сұраған. Сөйте тұрып жұмысқа шықпай кеткен. Енді оның жанындағы қызметкері Сарбасов деген азамат басқа жұмысқа ауысуына байланысты орынан босатылған екен. Ал Егембердиев осы уақытқа дейін жұмысқа шықты деген ақпарат жоқ».

Шынар Оразова