Оңтүстік халқы 3 миллион адамға жуықтады

209
"Астана - жүрегіміз" атты шара Шымкентте де өтті

Оңтүстіктің халқы 2 млн 838 мыңға жуықтады. Ал шымкенттіктердің қатары 1 млн 276 мыңға жетті. Осыншама қалың қауымы бар облысымыз республикадағы халық ең тығыз орналасқан өңір болып отыр.

Бұл туралы статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Өткен жылды қорытындылаған облысымыздың бас есепшісі азаматтар қатарының қалыңдауына байланысты әлеуметтік экономикалық даму үдерісіне де тоқталды.

"Астана - жүрегіміз" атты шара Шымкентте де өтті

Оңтүстікте 1 шаршы шақырымға 24 мыңнан астам адам қоныстанған екен. Осындай есепке байланысты өңіріміз халық ең тығыз шоғырланған өлке болып отыр. Қауымның қатары табиғи өсім мен көші-қонның нәтижесінде күннен-күнге қалыңдап барады.

Дегенмен, жергілікті жұрттың жалақысы 2014 жылмен салыстырғанда 0,5 пайызға кеміген. Бұл бүгінгі экономикалық қиындықтардың әсері болса керек.

Есесіне күнделікті тұтыну тауарларының қымбаттап отыр. Азық-түлік бағасы 20 пайыздан бастап бақандай 50 пайызға дейін көтерілген.

Осыған байланысты болса керек, аса қажетті тұтыну бұйымдары болмаса, сауда-саттық көлемі азайыпты. Әсіресе, бөлшектік саудада автокөліктердің өтімі тіптен құлдырап кеткен.

Дегенмен, былтыр халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табысы 2,7 пайызға өсіпті. Бұл көрсеткіш өндіріс орындарының артуына байланысты көңілді көпсітіп отыр. Облысымыздың бас статисі қай саланы қамтысақ та өңірдің өткен жылғы есебі түгел болды дейді.

Мақсат Жақсыбаев