Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументі орнатылады. Шымкент қаласындағы «Қоғамдық келісім» мекемесінде облыстық ассамблея хатшылығының ұйымдастыруымен өңіріміздегі 20 этно-мәдени бірлестік төрағаларының қатысқан жиын өтті.
Жиын барысында хатшылық меңгерушісі М.Қалмұратов ассамблея жылындағы атқарылған іс-шараларды қорытындылай келе 2016 жылға бекітілген жұмыс жоспарларымен таныстырды. Сонымен қатар биыл атқарылатын іс-шаралардың барлығы тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында, бекітілген желілік кестеге сәйкес өткізу жоспарланғаны айтылды.
Жиынға қатысушылар ассамблеяға қатысты іс-шаралармен кеңінен таныса отырып облыс халқын ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өтуге белсене атсалысуға шақырды.
Ал ең бастыс жаңалық этно-мәдени бірлестік төрағаларының атынан сөз алған түрік этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Л.Асанов Елбасы жарлығымен бекітілген 1 наурыз — алғыс айту күніне орай Оңтүстік өңірін мекендеген 100-ден аса этнос өкілдері атынан «Қазақстан халқына мың алғыс!» монументін орнатылатынын қуана хабарлады.
Обыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл монумент «Қоғамдық келісім» мекемесіне берілген бұрынғы «Қазақстан» кинотеатры маңына орнатылмақ.