Этно-мәдени бірлестіктер – спорт алаңында

606
Этномәдени бірлестіктер – спорт алаңында

Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өңіріміздегі этно-мәдени бірлестіктер арасында спартакиада өтті. Осымен оныншы рет өткен шараның ашылу салтанатына облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қатысып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі. Өңіріміздегі этностардың достығын, берекелі бірлігін одан әрі нығайтуда мұндай шаралардың маңызы зор екеніне тоқталды.

Этномәдени бірлестіктер – спорт алаңында

Күнгейдегі этно-мәдени бірлестіктердің және ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлерінен құрылған командалар шағын футбол, шахмат, үстел теннисі, қашықтыққа жүгіру, арқан тарту секілді спорт түрлерінен өзара сынға түсті.

Этномәдени бірлестіктер – спорт алаңында

Сайыс нәтижесінде бас жүлдені облыстық өзбек этно-мәдени бірлестігі жеңіп алса, І орынға облыстық славян этно-мәдени бірлестігі ие болды. Ал ІІ орын облыстық шешен-ингуш этно-мәдени бірлестігінің, ІІІ орын облыстық ұйғыр этно-мәдени бірлестігінің атынан қатысқан командаға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері қаржылай сыйлыққа ие болды.

Этномәдени бірлестіктер – спорт алаңында