Облыстағы сайлау учаскелері кезектен тыс сайлауға дайын

350
Әлібек Өмірәлиев

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сайлау учаскелері кезектен тыс сайлауға әзір. Бұл туралы облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Әлібек Өмірәлиев мәлімдеді.

Әлібек ӨмірәлиевТөрағаның айтуынша, блыс бойынша 1074 сайлау комиссиясы тіркелген. Қазір дауыс бері орындарында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Комиссия төрағасы кейбір елдімекендердің облыс орталығының аумағына енуіне байланысты өзгерістер болатынын жеткізді.

Еске салайық, Қазақстандағы кезектен тыс мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызына белгіленіп отыр. Халық қалаулылары осындай үндеу жолдап, парламенттің төменгі палатасын таратып, мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізуді сұраған. Депутаттар бұл бастаманы жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайында аса қажетті қадам деп түсіндірді.