Шымкентте ақпараттық қауіпсіздік мәселесіне арналған семинар-тренинг болып өтті. Онда жастар арасында кеңінен қолданылатын әлеуметтік желілердің артықшылықтары мен кемшін тұстары талқыланды.
Жастар мен блогерлердің басын қосқан жиында интернет қарқынды дамып отырған заманда оны қауіпсіз пайдаланудың ережелері түсіндірілді. Сарапшылардың сөзіне сенсек, сүзгіден өтпеген ақпараттар, әсіресе, бүгінгідей қаржылық дағдарыс кезінде тіпті қауіпті. Сондықтан интернет қолданушылары кез келген ақпаратқа алдымен күмәнмен қарау қажет дейді.