Шымкенттегі «Оңтүстік» шағынауданында жарияланған төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл туралы арнайы комиссия мүшелері хабарлады.
Еске салайық, қаңтардың 3-інен 4-не қараған түні кәріз колекторы жарылып, бірнеше баспана апатты жағдайда қалған болатын. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдайды жіті анықтап шықты.
Комиссия қорытындысымен екі баспана иесіне қала аумағынан пәтер берілетін болып шешілді. Бұған қатысты қала әкімінің қаулысы да шыққан.