Жылдың алғашқы күнінде Шымкентте 13 сәби дүниеге келді

350
Перзентхана

31 желтоқсан мен 1 қаңтар аралығында Шымкентте №2 перзентханада 13 сәби дүние есігін ашты. Олардың бесеуі ұл болса, сегізі — қыз бала. Жаңа жыл мерекесіне қарамастан дәрігерлер өз кезекшілігінде болған.

Жас аналардың арасында Лаура Пірманова да бар. 25 жастағы келіншек 1 қаңтар түні сағат 01:25-те ұл бала тапты. Бұл — отбасындағы екінші сәби.

Лаура Пірманова

Лаура Пірманова: «Үлкеніміз қыз. Енді, міне, Аллаға шүкір, ұлды болдық. Күйеуімнің қуанышында шек жоқ. Ұл сыйлағаным үшін риза. Атын Батухан деп қоюды ойластырып отырмыз. Мен өте бақыттымын. Енді жаңа жылмен бірге ұлымның да туған күнін атап өтеміз.»

Перзентхана

Орталықтың дәрігерлері бұл жаңа жыл түнінде жас босанған аналардың ешқайсысы аса қатты қиналмады деп отыр. Ешкімге де кесер тілігі жасалмаған.