4 миллион теңгенің алтынын ұрлағандар сотталды

140
Алтын ұрлағандар

Оңтүстіктің полицейлері жергілікті тұрғынның үйінен сейфтегі алтыны мен ақшасын ұрлаған екі күдіктіні ұстады. Бұл қылмыс 2015 жылдың күзінде болған, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Қыркүйек айында Отырар аудандық ішкі істер басқармасына 50 жастағы тұрғын арызданып, үйіндегі алтыны мен ақшасы салынған сейфі ұрланғанын хабарлаған. Көрсетілген мекенжайға келген тергеу тобының қызметкерлеріне жәбірленуші түн ішінде 25 мың АҚШ доллары мен 4 миллион теңгелік алтын бұйымдарынан айрылғанын айтады.

Ұрылардың Ваз көлігі

Жергілікті полиция қызметкерлерінің арасынан ең тәжірибелі деген мамандардан арнайы топ құрылып, осы қылмысты ашуға кіріседі. Енді, міне, бірнеше айдан кейін 23 және 24 жастағы Сарыағаш ауданының екі тұрғыны қолға түсіп отыр. Екеуі де бұрын сотты болған.

Алтын ұрлағандар

Тергеу барысында күдіктілердің қылмыс жасаған соң тапқан «олжаларына» Ваз көлігін сатып алған екен. Қалғанын өз қажеттеріне жұмсапты.

Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 188-бабы бойынша іс қозғалып, сот та өткен. Айыпталушылар 6 жылға дейін түрмеге жабылу жазасына кесілді. Ұрланған дүниенің бір бөлігі иесіне қайтарылды.