Алты жасар Мұхаммед табылды

296
Жоғалған бала
Жоғалған бала

Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданында жоғалып кеткен бүлдіршін табылды. Алты жасар Мұхаммедті полицейлер Арыс қаласынан тапқан.

Жоғалған бала
Жоғалған бала

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлердің айтуынша, баламен бірге 60 жастағы әйел болған. «Ол кісінің бет-бейнесі бұған дейін таратылған фотороботпен ұқсас келді. Толық ақпарат кейінірек беріледі» делінген хабарламада.

Қазір Мұхаммед Шымкентке келе жатыр. Анасы Жанна Ағабекованың айтуынша, тәртіп сақшылары баланың денсаулығы қалыпты, жағдайы жақсы деп хабарлаған.

Еске салайық, бұған дейін облыстық ішкі істер департаментінің өкілдері 6 жасар Мұхаммедтің жоғалуын тексеру барысында осы іске қатысты екінші күдіктінің барын айтқан еді. Ал бірінші күдіктің фотороботы жасалып, іздеу жарияланған болатын.