Күдікті әйел
Күдікті әйел

Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері 6 жасар мектеп оқушысын іздестіруде. 2016 жылдың 20 ақпанында сағат 14:30 шамасында Ордабасы аудандық ішкі істер басқармасына 31 жастағы жергілікті тұрғын баласының жоғалғаны туралы арызданған.

Жоғалған бала
Жоғалған бала

Ол азамат Ордабасы ауданы, Амангелді ауылы, Серпіліс көшесі, №4 үйде тұратын, сол ауылдағы Ғ. Мұратбаев атындағы жалпы орта мектебінің 1-сыныбында оқитын, 2009 жылы туылған Қамшыбек Мұхаммед Қазыбекұлы сағат 12:30 шамасында сабақтан шығып, үйіне келмегенін көрсеткен.

Жоғалған бала
Жоғалған бала

Осы факті бойынша қылмысты кодекстің 125-бабы (адам ұрлау) бойынша іс қозғалды. Полицейлер жедел-іздестіру барысында мектептен келе жатқан жасөспірімді бұрын-соңды таныс емес әйелдің өзімен бірге ертіп кеткенін анықтайды. Ол азаматша азиалық нәсілдес, жасы 50-55 шамасында, бойы шамамен 160 см, толық денелі, шашы сары, ашық реңді, үстінде былғары қара күртеше, басында қоңыр түсті тоқыма бас киімі бар.

Күдікті әйел
Күдікті әйел

Куәгерлердің сөздерінен полиция қызметкерлері күдіктінің фотороботын құрады. Қазіргі таңда құқық қорғаушылар жоғалған баланы табуға барлық күштерін салуда.

Жоғалған баланың киімі мен белгілері: дене бітімі 6-7 жасар баладай, реңі сары, арық денелі, көзі қоңыр түсті, домалақ, шашы қысқа, қоңыр, астыңғы екі тісі жоқ.

Киімі: ашық қоңыр түсті күртеше, ақ жемпір, қызыл футболка, қара шалбар, қара етік. Қолында өрмекші адам бейнесі бар көк түсті мектеп сөмкесі болған.

Егер кімде кімге осы бала немесе әйел жайлы кез келген ақпарат болған жағдайда тез арада 8-701-716-64-64, 8-705-869-99-99, 8-777-186-22-88 (8-72-530) 2-14-13 немесе 102 телефондарға хабар берулеріңізді сұраймыз.