Асқазан ауруы өршіп тұр…

475
Дәрігердің қабылдауы

Дәрігерлердің айтуынша, облыс тұрғындары ара­сында асқазан, ұйқы безі, ішек, бауыр сырқатына шалдыққандар көп. Мәселен, бір күннің ішінде облыстық клиникалық ауруханаға асқазан ауруы мазалаған 50-ге жуық науқас келіп, дәрігердің қабылдауында болады.

Дәрігердің қабылдауыОның себебін ақ халаттылар адамдардың өз денсаулығына немқұрайлы қарауы, дұрыс тамақтанбау, жүйкеге түскен ауыр салмақтың салдарынан дейді. Әсіресе соңғы кездері созылмалы В және С вирусты гепатитін жұқтырып алғандар тіркеуге көп алынған.