Коллекторды толық жөндеу жазда аяқталады

308
Коллекторды жөндеу

Оңтүстік шағынауданындағы 2 шақырым кәріз коллекторын алмастыру жұмысы маусым айының соңында аяқталады. Бұл жайында «Су ресурстары-Маркетинг» мекемесінің бас директоры Анарбек Орман мәлімдеді.

Коллекторды жөндеуЕске сала кетейік, қақаған қыста сы маңдағы жуан кәріз құбыры жарылып, екі үйге қауіп төндірген болатын. 50 жылдан астам қызмет көрсеткен нысанды қалпына келтіру мүмкін емес, сол себепті мамандар жаңа жүйе жүргізуді қолға алған. Облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қаныбеков пен қала әкімі Ғабидулла Әбдірахымов құрылыс басына арнайы барып, жұмыс барысымен танысты.