Леңгір тұрғыны оқушы қыздарға азғындық әрекет көрсеткен

226
Күдікті кафелердің бірінде ұсталды

Оңтүстіктің бұрынғы полицейі азғындық жасаған болып шықты. Осындай күдікпен Төле би ауданының тұрғыны қамауға алынып отыр.

ТергеушіТергеу мәліметтеріне қарағанда, ішкі істер департаментінің бұрынғы қызметкері Леңгір қаласында кешкісін мектептен қайтқан жасөспірім қыздарға нәпсіқұмарлық әрекетін жасаған. Ол жеткіншектерді алдаусыратып, алдымен ақша ұсынған дейді тергеушілер.

Осындай әрекеттердің біріне тап болған жеткіншектердің бірі ақшадан бас тартқан. Сонда күдікті шалбарының ауын шешіп, жыныс мүшесін көрсетті дейді жас қыз. Жәбірленушілердің ата-аналары болған оқиға бойынша бірден полицияға хабар берген.

Күдіктінің қолына кісен салынып, қамауға алынды. Қазір бұл дерек бойынша қылмысты іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.

Гүлжан Байназарова