ОЖТ: Төле би ауданында электр жүйелері жаңаланды

219

«Оңтүстік Жарық Транзит» серіктестігі былтыр инвестициялық бағдарлама аясында Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңғыртты. Ауданда 10 киловольттық электр желісі толық жаңаланса, 0,4 киловольттық желі 50 пайызға, трансформаторлардың 40 пайызы жоғары қуаттыға алмастырылды. Жалпы, аудандағы 7 елдімекенде электр жүйесі жаңаланды.

«Оңтүстік Жарық Транзит» компаниясы 2021 жылға қабылдаған инвестбағдарламаға сәйкес, Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Жоспарланған 10 киловольттық 82 электр бағанасы, 0,4 киловольттық -518 және СИП бойынша 511 темірбетонды бағана орнатылды.

Махамбетқали Машаев, Төле би аудандық электр жүйесінің бас инженері: «Шахта Тоғыс қосалқы стансасында «майлы»  ашыратқыштарды элегаздыққа  ауыстырылды. Сонымен қатар 4,1 шақырымда  жоғары кернеулі 10 киловольттық желілер жаңаланды,  0.4 киловольттық  әуе желісінің 12,6 шақырымы СИП бойынша 12.6  шақырым , жалпы 24,2  шақырым электр тарату желілері  жаңаланды. 10 трансформатор жоғары кернеуліге ауыстырылды».

Әл ауқаты жақсарған ауылдағы ағайынның электр жарығын тұтынуы артқан. Энергетиктер осыны ескеріп, қуатты трансформаторлар орнатты. 63 кВА-160-қа, 160-тықт 250 киловольтАмперлікке ауыстырылды. Жаңғырту бағдарламасы аясында Ленгір қаласында екі нысан, Тастөбе, Алатау, 1-ші мамыр, Қостөбе және Қаратөбеде электр жүйелері жаңаланды.

Изнулла Бахчичи, Төле би ауданының тұрғыны: «Бәрін ауыстырды. Ағаш бағаналарды темірбетондыға. Бұрын аудандық электр желілеріне  жиі телефон соғатын едік, проблемалар бар еді. Енді болмайды. Трансофрматор да ауысты. Ауылдағылар  рахмет айтып жатыр. Ауылдың төменгі жағында да трансформатор ауыстырылды. Рахмет».

Маккарам Мезгин, Ынтымақ аулының тұрғыны: «Жауын-шашынға қарамастан  жұмыс істеп жатырсыздар. Үлкен рахмет. Жаңа трансформатор орнаттыңыздар, ескі ағаш бағаналарды темірбетонды бағаналарға алмастырдыңыздар. Электр жарығы бар. барлығы жаңаланды біз ризамыз».

Инвестициялық бағдарлама аясында Төлеби ауданында 10 киловольттық желілер толық жаңаланса, 0,4 киловольттық 50 пайызға, трансформаторлардың 40 пайызы жоғары қуаттыға жаңаланды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасын табады.

Шынар Оразова