Мақта өсірушілерге арналған семинар өтті

221
Мақташылар семинары

Қазақстанда ақ алтын саласын дамыту жоспарланып отыр. Шымкентте мақта саласын дамытып отырған кәсіпкерлерге арналған семинар басталды. Мұнда сала мамандары ақ алтын өсірудің әлемдік озық технологиясымен танысып, қолдану жолдарын үйренеді.

Мақташылар семинары

Сапасы жоғары экологиялық таза мақта өндіру оңай емес. Бірақ, бірнеше талаптарды орындаса, діттеген мақсатқа жетуге болады. Шетелден келген мамандар жергілікті шаруаларға мақта өндірісін дамытудың қыр-сырын үйретті.

Ең маңыздысы — дақылды қорғау негіздерін қатаң сақтау. Ал екінші сатысы — тыңайтқыштарды азайтып, суды тиімді пайдалану. Бұл тәжірибе жақсы көрсеткішке қол жеткізген. Тың технология Пәкістан, Қытай, Түркия мен Тәжікстан сияқты 19 елдің ақ алтын қамбасына әжептеуір үлес қосқан.

«Тәжікстанда біз «Сороб» аграрлық кооперативімен қоян-қолтық жұмыс жасаймыз. Серіктестік негізінде олар біздің моделімізді Тәжікстанда жүзеге асыруда. Фермерлер жердің құрамын зерттеуге, тыңайтқыштарды, суды пайдалану бойынша кеңестер алуға мүмкіндік алған. Қазіргі таңда онда органикалық тыңайтқыштарға басымдық берген. Озық технологияларды меңгеру арқылы фермерлер мақтаның сапасын арттырып қана қоймай, оның өнімділігін арттырды. Және шығын мен табысты есептеуді үйренді.

Біздің елде мақта Оңтүстікте ғана өсіріледі. Мақта дақылы өніміне халықаралық сұраныс та жоғары. Алайда, оны тиімді пайдалану жолы әлі толық зерттелмеген. Мұны ғалымдар да мойындайды.

Мақтаның сапасын арттыру күнгейлік кәсіпкерлердің негізгі мақсатына айналған. Жаңа әдістің қыр-сырын меңгеріп алған соң, өзгелерден оза шабатынына да сенімді.

Шынар Оразова