ОҚО славян орталығында — жаңа жетекші

361
славян этно-мәдени орталығы

Оңтүстік Қазақстан облыстық славян этно-мәдени орталығы жаңа төрайымды таңдады. Бұл қызметті енді облыстық «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы Марина Лимаренко атқарады.

славян этно-мәдени орталығы

Орталықтың бұрынғы төрағасы Юрий Кирюхин өз жұмысынан босады. Оқушылар сарайында өткен славян орталығының активінің жиналысында үйлестіру кеңесі мен орталықтың жаңа басқармасы да таңдалды. Оның құрамына этно-мәдени орталықтың белсенділері кіріп отыр.

Марина Лимаренко
Марина Лимаренко

Лимаренко Марина Анатольевна — «Южный Казахстан» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы-директоры. Білімі: ҚазХТИ, инженер-технолог.

«Южный Казахстан» газетінде тілші, бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеген. 2009 жылдың наурыз айынан осы басылымның бас редакторы. Қазақстан халқы ассамблеясының, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, облыс әкімі жанындағы отбасы ісі және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның мүшесі. Облыстық славян этно-мәдени орталығы басқармасының мүшесі.