Қазақ романсиадасының жеңімпаздары анықталды

471
Айгерім Темірбекова

Шымкентте қазақ романстары шырқалды. Қалада жастар арасындағы облыстық «Қазақ романсиадасы-2015» байқауы өтті. Оған өңіріміздегі өнер мектептері мен арнаулы оқу орындарының шәкірттері жолдама алған.

Өнер сайысын қолға алған славьян этно-мәдени орталығы өкілдерінің айтуынша, биыл үміткерлерге қойылған талап жоғары. Яғни, әрбір қатысушы міндетті түрде қазақ тіліндегі шығарманы орындауы тиіс.

Бұған қоса дауыс диапазонынан бөлек ән сөзінің анық айтылуы қадағаланды. Үміткерлер арасында әйгілі композитор Шәмшінің шығармаларымен қатар Латиф Хамидидің «Бұлбұлын» да шырқағандар көп болды.

Сонымен 26 бірдей үміткер қатысқан өнер жарысында 1-орынды қаламыздағы №1 саз мектебінің шәкірті Карина Нажметдинова жеңіп алды. Ал 2-орынды №47 мектеп-гимназияның оқушысы Айгерім Темірбеова еншіледі. Биыл 18-рет қолға алынған дәстүрлі байқаудың жеңімпаздары алдағы 16-20 қазан күндері өтетін халықаралық қорытынды кешке жолдама алды.

Айгерім Темірбекова
Айгерім Темірбекова

Айгерім Темірбекова, 2-орын иегері: «Өте қуаныштымын! Әрине, сайысқа үлкен дайындықпен келген соң жүлделі орыннан көрінетініме сенімді болдым. Алдағы уақытта да еңбектеніп, бекзат өнердің әйгілі әншісі болғым келеді».