Оңтүстіктің фристайлшысы әлем кубогінде жүлдегер атанды

270
Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова

Шаңғымен фристаил-акробатиканың тарихында алғаш рет қазақстандық спортшы әлем кубогінде жүлдегер атанды. Спорт тарихында өшпестей із қалдырып отырған жерлесіміз — Жанбота Алдабергенова, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова (сол жақтан екінші)

Шаңғымен фристаил-акробатика қысқы ойындар арасындағы ең қиыны болып есептеледі. Сол себепті осыған дейін елімізде әлемді бағындырған спортшылар болмаған.

Жанбота Алдабергенова
Жанбота Алдабергенова

Мәскеуде өткен FIS әлем кубогінде дүниежүзінің епті спортшылары жиналған болатын. Олардың арасында облысымыздың саңлақтары да болды. Ақтық сында Жанбота 75,91 балл жинап, үздіктер қатарынан көрінді.

Жерлесіміздің алдында алаң қожайыны Алина Гриднева ғана бар. Естеріңізге салсақ, Жанбота жуырда ғана Минскте өткен Еуропа кубогі үшін жарыстың екі кезеңінде чемпион атанған болатын. Оған дейін де еуропалық жарыстарда жүлдегер атанып жүр. 2018 жылы Пхенчханда өтетін қысқы Олимпиада ойындарына жолдамадан үмітті спортшы да — осы Жанбота.