Полицейлер қала тұрғынының облыс әкіміне жасаған шағымына қатысты жауап берді

240
Облыс әкімімен кездесу

Оңтүстік Қазақстан облысының полицейлері Шымкент тұрғынының облыс әкіміне жасаған шағымына қатысты жауап берді. Ол азаматша өңір басшысының халық алдындағы есебі кезінде әкімнің назарын аударып, көмек сұраған болатын.

Облыс әкімімен кездесу«Ақпараттық агенттіктер желілерінде ОҚО әкімінің халық алдында есеп беру кездесуінде Шымкент қаласының тұрғыны Гүлнар Түльбаева облыс әкімі Б.Атамқұловқа 2013 жылғы ағасының өлімін анықтауда полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданғаны туралы ақпарат таралған» деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға осыдан 6 жыл бұрын болған. 2010 жылдың 21 ақпанында Сайрам ауданы Ақсукент елдімекенінде орналасқан кәсіпорын аумағынан 1969 жылғы облыс тұрғыны Г.Әлімбетовтің мәйіті табылған.

ОҚО ІІД тергеу басқармасы қызметкерлері тергеп-тексеру барысында марқұмның аталған кәсіпорын маңындағы кафенің бірінде өзінің достарымен бірге спирттік ішімдік ішкенін анықтайды. Бұдан кейін облыстық сот-медициналық сараптама қорытындысы марқұмның өлімі көп мөлшерде алкогольді ішімдік ішіп, денесінің үсік шалуынан болғанын көрсеткен.

Г.Әлімбетовтің заңды өкілдері тарапынан бірнеше рет шағым түсіріліп, эксгуманация жасалып, сот-медициналық сараптамадан 3 рет тағайындалып өткізіледі. 21.12.2015 жылғы Астана қаласында жасалған қосымша комиссиялық сот-медициналық сараптамасының қорытындысы алғашқы сараптама нәтижесін растаған.

Г.Әлімбетовке қатысты жүргізілген барлық сараптамалар нәтижесі мен жинақталған мәліметтер негізінде қылмысты іс қылмыстықтың құрамы болмауынан қысқартылған, деп хабарлайды ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.