Түлкібас ауданында маман тапшы

175

Түлкібас ауданында маман тапшы. Ауыл шаруашылығы және өнімдері қайта өңдеу салаларына кадр жетіспейді. Бұл туралы аудан әкімі Қайрат Әбдуәлиев мәлімдеді. Аудан басшысы өткен жылда атқарылған тірліктерді баяндап, келер жылдың жоспарымен бөлісті.

Түлкібас ауданының әкіміӘкімнің сөзіне сенсек, барлық салада өсім бар. Былтыр аудандағы өнеркәсіп орындары 18 млрд теңгенің өнімін өндіріпті. Бұл көрсеткіш былтырмен салыстырғанда 105 пайызға артық. Ауыл шаруашылығы саласында да атқарылған жұмыстар ауқымды. Былтыр 725 гектар жерге алма егіліп, алма бауының ауқымы 3 мың гектарға жуықтаған. Мал шаруашылығын дамыту мақсатында берілген тапсырмалара да межеден артық еңсеріліп отыр.

Былтыр ауданда 4 мектеп пайдалануға берілді. Құрылысы жүріп жатқан осынша білім ошағы жыл аяғына тапсырылатын болады. Алайда, ауданда екі мектеп апатты жағдайда тұр. Үш ауысымды білім ұяларының жоқтығына сендірген аудан әкімі апатты мектептердің де мәселесін шешуге уәде етті.

Ауданда биыл үдемелі индустиралды инновациялық даму бағдарламасы аясында 3 жоба іске қосылды. Оның біреуі көкөністі консервілесе, қалғаны жеміс жидек концентраттарын және табиғи сусын шығарумен айналысады. Әкімдік өкілдері биыл да ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласына тың тірліктер атқаратынына сендіріп отыр. Алайда, ауданда маман тапшылығы қолды байлап тұр. Бүгінде Түлкібас өңірінде агроном, мал дәрігері сияқты мамандар жетіспейді. Әзірге жекелеген кәсіпкерлер бұл мәлене өздері шешуге мәжбүр.