Төрт адамның өмірін қиған жол апатына кінәлі жүргізуші сотталды

337
Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Тәнкеев

Шымкенттегі Әл Фараби аудандық сотында төрт адамның өмірін қиған жүргізушіге қатысты қылмысты іске нүкте қойылды. Күдіктен кінәліге айналған Мұрат Тәнкеев 9 жылға бас бостандығынан айрылды. Прокурордың да сұрағаны осы болатын. Ал жәбірленуші тарап үкіммен келіспей, екінші сатылы сотқа шағым білдіреміз деп бекініп отыр.

Айыпталушы Тәнкеев
Айыпталушы Тәнкеев

Сағат үште басталатын сот отырысына айдауылдар Тәнкеевті кешігіп әкелді. Кінәлі жеткізілісімен судья мәжіліс залына кіріп, үкімді жария етті. Мемлекеттік айыптаушы мас болып, көлік басқарып, ірі жол-көлік апатын жасаған азаматқа 5 жылға көлік басқару құқығынан айыруды да сұрапты. Тәнкеевтің ішімдік ішіп, көлік жүргізгені бұл істе ауырлатып жіберген.

Үкім оқылысымен судья тараптарға бұл баптың жазасы ретінде тек қоныс колониясы қолданылатынын түсіндірді. Адам ажалына себепкер болған жүргізушінің бұған дейін сотталмағаны да ескеріліпті. Тоғыз жылын темір торда өткізетін естіген Тәнкеевті тәртіп сақшылары сот залынан жылдам алып шығып кетті. Айта кету керек, жәбірленуші тараптың моральдық өтемі де қанағаттандырылған.

Ғани Дауылбаевтың қорғаушысы үкім заңды күшінен енгенен кейін сес көрсеткендер бойынша арызданатынын жеткізді. Сондай-ақ кейінгі сатылы сотқа шағым түсіретінен де ашып айтты. Өйткені іс бойынша кінәлі деп табылған Тәнкеев шынайы өкінбеді дейді жәбірленушінің қорғаушысы.

— Біз айыпталушыға 9 жыл бергенімен келіспейміз, — дейді жәбірленуші отбасының адвокаты Гүлжазира Мыңбаева. — Иә, Мұрат Тәнкеев сотта өзінің кінәсін мойындап, өкінді. Бірақ, оның көзінен өзін бір үйден төрт адамның өліміне себепкер ретінде сезінгені байқалмады. Енді біз бұл үкімге қарсы қайта шағымданамыз.

Сондай-ақ материалдық шығын бойынша жәбірленуші тарап азаматтық тәртіпте талап арыз бере алады. Осылайша «тірлігімен» жұртты тентіреткен Тәнкеевке 9 жыл қоныс колониясына жазасын өтеу белгіленді. Шығарылған үкім заңды күшіне енген он бес күннен кейін ғана енеді.

Ернар Балабеков