Жылу құбырының жанынан шала дамыған шарананың өлі денесі табылды. Оқиға Шымкетте болуы әбден мүмкін. Бұл туралы әлеуметтік желідегі қолданушы жазады.
Алдын ала болжамға сәйкес, ол — шамамен 20-25 апталық шарана болуы мүмкін. Видеоны түсіріп тұрған адамдардың бірі шақалақтың ұл бала екенін айтады.
Айта кету керек, бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушыларының ашу-ызасын тудырып отыр. Қазір редакция ұжымы ОҚО ішкі істер департаментіне осы видео бойынша мәлімет беру жайында сұраныс жіберді.