Жылу құбырларын орау жалғасуда

429
Жылу құбырларын орау

Шымкенттік мамандар жылу сапасы қатаң қадағалауда деп сендіреді. Бұл міндет Қуат жылу орталығы мен «Энерго орталық» акционерлік қоғамына жүктелген. Бүгінгі таңда Шымкент қаласындағы жылу құбырларының сыртын қымтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сала мамандарының айтуынша, жоспарланған 43 шақырым құбырдың тең жартысы қапталыпты. Бұл істі атқарып жатқан 8 бригада жұмысты желтоқсан айының соңына дейін аяқтауды көздеп отыр.

Еске салар болсақ, бұған дейін қаладағы жылу құбырлары жалаң, соның салдарынан жылу сақталмайды деген шағым көп түсетін. Енді құбырлар оралып, тотықпайтын қаңылтырмен қапталуда. Жұмыс шаһардағы барлық шағынауданда жүргізіледі.

Нұрлан Күдерұлы