Қошқар ата бастауына қалдық су құйылуда

Шымкенттегі Қошқар ата өзенінің бастауына кәріз суы құйылуда! Қалалықтар осылай деп ашынып, редакциямызға бірнеше фотосурет жіберді.

Қошқар ата бастауына қалдық су құйылуда

Жергілікті тұрғындар үйлерінен шыққан суды бұлақ бастауына қарай бұрып жіберген дейді табиғатқа жаны ашитындар. Өзен бойына жақын тұратындар ауларынан құбыр шығарып, қоршаудан шығарған күйі арыққа бұрып қоя берген. Сомен аққан су бастауға құйылады.

Қошқар ата бастауына қалдық су құйылуда

 

 

Біз бұл фотосуреттерді қалалық әкімдіктің тұрғын үй-комуналды шаруашылық бөліміне жібердік. Нәтижесін міндетті түрде хабарлайтын боламыз.

Қошқар ата бастауына қалдық су құйылуда