Әріптесін қаққан жүргізушіні ұстаған полицейлер марапатталды

179
полицейлер марапатталды

Оңтүстікте әріптестерін қағып, оқиға орынан қашып кеткен жүргізушіні ұстаған полиция қызметкерлері марапатталды. Салтанатты жиында облыстық ішкі істер департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Асқар Оспанов 27 жастағы жүргізуші ізін суытпай ұстаған қалалық жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік полиция полкінің қызметкерлерін грамота және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

полицейлер марапатталды

Еске салсақ, 3 наурыз күні жол-патрульдік полкінің инспекторы, қатардағы полицей Ғабит Көбеевті қоғамдық тәртіпті күзету кезінде «Киа Церато» автокөлігінің жүргізушісі қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен еді. Соққыдан тәртіп сақшысы ауыр жарақат алған.

полицейлер марапатталды

Алайда, полиция құрылымдарының жұмылған жұмысының нәтижесінде 15 минут ішінде күдікті жүргізуші ұсталды. Ол 1989 жылы туылған Шымкент тұрғыны болып шыққан. Қазір күдіктінің үстінен қылмысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзі қамауда жатыр.

полицейлер марапатталды

Сондай-ақ, департамент басшылығының ұйғаруымен ішкі істер министрінің атына қатардағы полицей Ғабит Көбеевті үкімет тарапынан марапаттауға ұсыныс жолданды.