Алғаш рет меритократия кағидасына сай конкурс өтті

180
меритократия кағидасына сай конкурс өтті

меритократия кағидасына сай конкурс өттіОңтүстікте алғаш рет меритократия кағидасына сай облыс әкімі аппараты мен облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардағы бос мемлекеттік лауазымдарға орналасуға ашық конкурс өтті. Елбасының «100 нақты қадам» ұлт жоспарында көзделген жаңа жүйе бойынша ұйымдастырылған ішкі конкурста 8 бос мемлекеттік лауазымға үміткерлер сараланды.

14 кандидат комиссия сарапшылары мен байқаушылар алдында билеттік жүйе бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, білімі мен білігі бойынша сынға түсті. Меритократия миссиясы аясында үміткерлерге теңдей мүмкіндіктер беріліп, олардың жеке қабілеттері мен икемі де бағаланды.