Білім ошағының шәкірттері, құқық қорғаушылар, дәрігерлер мен психологтар бас қосқан жиында қажетсіз жүктіліктен сақтану жолдары түсіндірілді. Ал ұстаздар қауымы тал бесіктен басталатын тәрбие-тағылымын сөз етті.
Оған қоса бұл ретте педагогтар мен ата-аналардың тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуі керегі ескерілді. Айта кетейік, жыл басынан бері Қаратау полиция бөлімінің шұғыл желісіне ерте жүктілікке қатысты екі қоңырау түсіпті.