"Мақтаарал" ФК бірінші лигада бірде бір легионерсіз сынға түспек

Мақтааралдықтар кезекті рет өзбекстандық командамен кездесті. Бұл жолы жерлестеріміз көршілес елдің бірінші лигасында күміс медаль иесі болған «Октеппен» доп тепті.

Жолдастық матч «Мақтаарал» құрамасы үшін сәтті шешілді. Бұл жолы Иманов, Арғынбаев және Жақұдаев қарсылас қақпасын бағындыра алды. Есеп 3:2.

"Мақтаарал" ФК бірінші лигада бірде бір легионерсіз сынға түспек
«Мақтаарал» ФК бірінші лигада бірде-бір легионерсіз сынға түспек

Еске салайық, «Мақтаарал» футбол командасы биыл да еліміздің бірінші лигасында Оңтүстіктің намысын қорғайды. Қазақстан біріншілігіне дейін мақтаралдықтар ел кубогінің іріктеу кезеңінде сынға түседі. Бұл жолы облысымыздың қос командасы да бір топқа түсіп, наурыздың 23-і күні «Қыран» мен «Мақтаарал» жарыстың 1/8 финалына жолдама үшін таласады.

3 топ:

23 наурыз
«Қыран» — «Мақтаарал»

26 наурыз
«Қайсар» — «Қыран»

29 наурыз
«Мақтаарал» — «Қайсар»