сайлау комиссиясы

Облыста үміткер екі бірдей ауданнан тіркелгені үшін сайлаудан шеттетілді. Кандидат Қанжігіт Сыздықов Отырар ауданы мен Түркістан қаласынан облыстық мәслихаттығына үміткер боламын деп, заң бұзушылыққа жол берген. Осылай деген облыстық аумақтық комиссиясының мәліметінше, бүгінге дейін жергілікті мәслихат депутаттығына үміткер 70 кандидат тізімнен шығарылған. Комисcия мүшелері үміткерлердің басым бөлігі кіріс декларациясын дұрыс толтырмағандықтан додадан шықты деп отыр.

сайлау комиссиясыСайлау комиссиясы мүшесінің сөзіне сенсек, бүгінде түрлі себептерге байланысты тіркеуден шыққан 70 үміткердің 11-і – облыстық , 11-і – қалалық және 48-і аудандық мәслихат депутаттығынан үміткер болған. Декларацияны дұрыс толтырмау дерегі бойынша Сайрам және Ордабасы ауданының үміткерлері көш бастап тұр. Екі аудан бойынша 23 үміткер осындай кемшілікке жол бергені үшін сайлауға қатыса алмайтын болды.

Ал өз округінде ақсақалдардың батасын алып, дастархан жайды деген айып тағылған Шералы Қаныбековтің ісі дәлелденбепті. Шымкент қаласына қарасты №32 сайлау учаскесінен үміткер ретінде тіркелген Әнуарбек Маймақовтың мәселесі сотта қаралуда.

Айта кетейік, өңірде 1074 сайлау учаскесі құрылған. Оның 45-і жабық сайлау учаскесі ретінде тіркелген. 15 аудан бойынша 1029 сайлау учаскесі белгіленіп, онда бақылаушылар берілген. Бүгінгі күнге дейін облыстық мәслихатта 50 орын болса, оған 248 үміткер өздерін ұсынған. Соның 216-сі тіркеуден өткен.

Сайлау күні ұзын-сонар кезекті болдырмау үшін 1074 учаскелік комиссиясы жұмыс жасайтын болады. Қазіргі таңда 15 аудандағы 2019 учаскеге байқаушы анықталып, бекітіліпті. 639 байқаушының жартысына жуығы арнайы семинарларға қатысып, оқудан өтті. Бұл жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады.