Қазақстан футбол федерациясының талабына сай биылдан бастап ел кубогі үшін сайыстың ережесі өзгерді. 2016 жылдың маусымына дейін бірінші лига командалары өзара мықтыны анықтап, жарыстың 1/8 финалына үш команда ғана жолдама алатын болды.
Сол себепті бір жеті бойында Шымкентте Қазақстан кубогін 9 команда сарапқа салуға тырысты. Үш топқа бөлінген футболшылар арасынан үздіктер ғана келесі кезеңге жолданады. Ал олар өз кезегінде премьер-лига командаларымен кубокты сарапқа салады.
Өкініштісі, алғашқы іріктеудің өзінде-ақ Оңтүстіктің қос командасы да бір топқа түсіп қалды. Алғашқы матчта «Қыран» мен «Мақтаарал» кездесіп, тең тарқасқан болатын. Есеп 1:1. Қызылордалықтардан шымкенттіктер басым бола алмады. «Қыран» жеңілсе, «Мақтаарал» 0:0 есебімен жарыстан шет қалды.