Оңтүстікте арзан жанармай тасымалдаушы операторлар анықталды

301

Оңтүстік Қазақстан облысында арзандатылған жанармайды тасымалдаушы операторлар анықталды. Биылғы көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге облыс шаруалары үшін 38 мың тонна арзандатылған жанармай бөлінді.

Оның 14,9 мың тоннасы — наурыз айына, 12,3 мың тоннасы — сәуір айына, 11,3 мың тонна мамыр айына берілді, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Күнгейдің шаруалары қажетті жанар-жағармайды аудандардағы белгіленген тасымалдаушы операторлардан ала алады. Олар:

жанармайАрыс қаласына көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге жанармай тасымалдаушы оператор болып «НұрАсуЮг» ЖШС,

Бәйдібек ауданына — «Майсс» ЖШС,

Қазығұрт ауданына — «Oskar Oil company» ЖШС және «STANDARD Oil Petreum» ЖШС,

Мақтаарал ауданына — «ОРК Саби» ЖШС және ЖК «Әуезов»,

Ордабасы ауданына — «ИКСАН» ЖШС,

Отырар ауданына — «Center Oil Corporation» ЖШС,

Сайрам ауданына — «SAYRAN group» ЖШС,

Сарыағаш ауданына — «Жан Ойл Продакс» ЖШС,

Созақ ауданына — «Бибо $ company » ЖШС,

Төле би ауданына — «Ұлы-Орда» ЖШС,

Түлкібас ауданына — «SANALI» group ЖШС,

Шардара ауданына — ЖК «Жұмабек»,

Түркістан қаласына — «Мұнай Инвестмент Груп» АҚ,

Шымкен қаласына — «ШымкенМұнайӨнімдері» АҚ,

Кентау қаласына «Универсал РК» ЖШС бекітілді.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне (АШТӨ) жанармайдың шекті бағасы сол ауданда орналасқан жанармай бекетінен алған жағдайда 85 теңге болып белгіленді. Егер АШТӨ жанармайды қоймадан тікелей алатын болса, Одабасы, Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Отырар, Сайрам, Созақ, Төле би, Түрлкібас, Шардара аудандарында — 83 теңгеден, Мақтаарал, Сарыағаш аудандары — 83,5 теңгеден, Шымкент қаласы — 82 теңгеден, ал Түркістан қаласында 84 теңгеден босатады.

Қазіргі таңда наурыз айына бөлінген 14,9 мың тонна жанармайдың 311 тоннасы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне босатылды.