Бүгін Шымкентте облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті конференциясы өтті. Онда кеңестің өткен жылы атқарған жұмыстары талқыланып, биылғы жоспар ортаға салынды.
Сондай-ақ, аға буынның әлеуметтік мәселелері қаралды. Айта кетейік, соңғы бес жылда 40 мыңнан аса әртүрлі санаттағы ардагер өңіріміздегі шипажайларда демалып, денсаулықтарын сауықтырған. Өңірде тегін және жеңілдетілген дәрі-дәрмектермен қамтамассыз ететін 500-ден аса дәріхана жұмыс істейді.
Ардагерлер кеңесінің есебіне сүйенсек, өңірде 20 мыңнан аса ардагер тұрады. Ал облыстық ардагерлер ұйымының құрамында 700-ден аса бастауыш ұйым жұмыс істейді.