«Тұранның ғылым мен мәдениет тарихын айшықтаған ғалым Ақжан Әл-Машани» атты конференция өтеді

128

«ТҰРАННЫҢ ҒЫЛЫМ МЕН МӘДЕНИЕТ ТАРИХЫН АЙШЫҚТАҒАН ҒАЛЫМ АҚЖАН ӘЛ-МАШАНИ» халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Өтетін уақыты: 02 қараша 2021 жыл. 10.00-17.00

Өтетін орны: Түркістан облысы Отырар ауданы, Шәуілдір ауылы, Жібек жолы даңғылы № 21. «Руханият-Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК

Қатысушы контингенттер: Конференцияға Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарының және Ақжан әл-Машани мұраларын зерттейтін отандық, алыс және жақын шет елдердегі шығыстанушы-ғалымдар, дипломаттар, мәдени орталықтардың өкілдері, докторанттар мен магистранттар, жоғарғы оқу орындары, арнайы орта және жалпы орта білім беру мекемелерінің оқытушылары мен ұстаздары, зерттеушілер, музей қызметкерлері мен БАҚ өкілдері. Жалпы саны-100 адам.

Мақсаты: Тұран елдерінің ғылым тарихи мен мәдениетін зерделеп, Орта Азия мен Қазақстан ойшылдары және Ақжан әл-Машани мұраларының жастардың біліктілік, интелектік, патриоттық ұстанымдарын қалыптастырудығы орнынын зеттеудің теориясы мен методологиясын айқындау, өзекті мәселелерді ғылыми ортада талдау сараптау арқылы ұрпақ тәрбиесінің құндылықтарын қалыптастыру.

Халықаралық конференцияның негізгі бағыттары:
– Қазақстаннның ғылым және мәдениет тарихындағы Ақжан әл-Машанидің орны мен тағлымдық тәрбие ұстанымы;
– Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарының және Ақжан әл-Машани мұраларының рухани-мәдени құндылықтарының жастарды біліктілік, интелектік, патриоттық ұстанымдарын қалыптастырудығы құндықтардың заманауи өзектілігі.
– Әл-Фараби және әл-Машани «Ғылымдар классификациясы» – кешегiсi, бүгiнi және болашағы.

Ұйымдастырушылар: Түркістан облысы әкімдігі, Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, «Руханият- Әбу Нәсір әл-Фараби музейі» МКҚК.