Шымкентте жалауы көтерілген велокөпкүндіктің жеңімпаздары белгілі болды. Сайым Ерлан Пернебековты еске алуға арналған болатын. Сынақ 5 күнге жалғасып, 100 спортшы жүлде үшін таласты.
Турнирдің алғашқы күнінен бастап жерлесіміз Сұлтан Миралиев көш басшы атанып, сары жейденің иесі болды. Ал жарыстың екінші күні 80 шақырым жолды алматылық Владимир Цой бірінші болып жүріп өтті. Дегенмен, жалпы есепте Сұлтан алда келді.
Екінші кезең оңай болмады. Велошабандоздар 40 шақырымға жарысқа шықты. Бұл жолы солтүстік қазақстандық спортшылар жүлделі үш орынды да жеңіп алды.
Нәтижесінде 5 күндік жарыстың қорытындысы бойынша жалпы есепте алматылық Никита Стальнов жеңімпаз атанды. Ал Сұлтан Миралиев үшінші кезеңде оңтүстік астаналық қарсыласына есесін жіберіп, көш басшының сары жейдесінен айрылған болатын. Сөйтіп, жерлесіміз алғашқы үштікті қорытындылады. Медаль саны бойынша астаналықтар — бірінші, Винокуровтың клубы — екінші, ал қызылордалықтар алғашқы үштікті қорытындылады.
Енді Шымкенттің жолына велошабандоздар наурыздың 24-іне шығады. Республикалық велокөпкүндікте жасөспірімдер сынға түседі.