Шымкентте біп топ жігіт екі қызды таяқтап кетті. Оқиға 10 наурыздан 11 наурызға қараған түні болған.
Келеңсіз жағдай Теріскей және Күншығыс шағынаудандарының аралығында болды. Кафеден шыққан үш қыз бен бір жігіт көше бойлап келе жатады. Алдарынан үш жігіт пен бір қыз шыққан. Неге екені белгісіз, екі топ ерегісіп қалады.
Ұрыстың соңы жағаласуға ұласып, үш жігіт пен бойжеткен қарсыластарының арасындағы қыздарды соққыға жығады. Әсіресе, 32 және 33 жастағы екі бойжеткен қатты таяқ жеді.
Жәбірленуші қыздардың бірі дереу полиция мен жедел жәрдем дәрігерлеріне қоңырау шалып, көмек сұрайды. Себебі, мас үш жігіт пен қыз құрбысының бірін жерге құлатып, тіпті, тепкілеп жатты дейді бұл азаматша. Оқиға орнына келген полицейлерге солай деп түсінік берді.
Ал соққыға жыққандар полиция көлігі келгенше қашып кетіпті. Қазір тәртіп сақшылары төртеуі де қара киінген үш жігіт пен бір қызды іздестіріп жатыр. Еңбекші полиция бөлімінде бұзақылық фактісі бойынша іс қозғалды. Күдіктілер іздестірілуде.