Шымкентте түн ішінде қайғылы жағдай тіркелді. Жас жігіт өзіне-өзі қол жұмсаған.
Көрсетілген мекенжайға полиция экипажы мен жедел жәрдем тобы тез келді. Дәрігерлер жас жігіттің жағдайын тексергенімен, өкінішке қарай, оның демі үзіліп кеткенін анықтады.
Әзірге қайғылы жағдайдың толық себеп-салдары белгісіз. Оқиға орнына марқұмның таныс-достары да келді. Оларға қайтыс болған жігіттің таныс қызы хабар берген болуы мүмкін. Қазір полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.