Мектеп бағдарламасындағы дене шынықтыру пәнінің жүйесі өзгермек. Алдағы оқу жылында оған ұлттық ойындар сағаты енгізіледі. Бұл жөнінде бүгін облыстық білім басқармасына қарасты аймақтық оқу-практикалық дене тәрбиесі орталығының басшылығы мәлімдеді.
Мамандардың айтуынша, әр сыныпта 9 айдың ішінде кемінде 102 сағат дене тәрбиесі сабағы бар, қазір оның 50 пайызын ұлттық ойындарға бағыттау қажеттілігі туындаған. Бұған ел аумағындағы спорттық сайыстарда ұлттық ойындар санының артуы себеп.
Сондай-ақ, халықаралық деңгейде оны дамыту аса маңызды. Ал көшбасшы толағайларды тәрбиелеу үшін қазір күнгейлік білім саласының мамандары жүйелі жоспар түзуге кірісіпті. Алдымен әдістемелік кітаптарды жинақтап, жаңа кадрлардың біліктілігін арттыруға бет бұрды.