Ұлттық спорт түрлері мектеп бағдарламасына енгізілмек

434

Мектеп бағдарламасына ұлттық спорт түрлері енгізіледі. Бұл туралы Сенат отырысында Ақтоты Райымқұлова айтты.

Мәдениет және спорт министрінің сөзінше мектеп бағдарламасына алдымен тоғызқұмалақ, асық ату және қазақ күресі кіреді. Осыдан кейін аударыспақ, көкпар, жамбы ату және жекпе-жек спорты енгізілуі мүмкін. Енді ғана жоспарланып жатқан жобаның жүзеге қашан асатыны әлі белгісіз. «Әзірге заң жобасы пысықталу үстінде», деді Ақтоты Райымқұлова.

Ақтоты РАЙЫМҚҰЛОВА, ҚР Мәдениет және спорт министрі: «Аударыспақ, көкпар, жамбы ату, жекпе-жек сияқты ұлттық спорт түрлерінен оқушылар денсаулығына зақым келмейтін жаттығулары мен элементтерін енгізу жоспарланып отыр. Атап айтқанда, бұл қадамдар кезең-кезеңмен іске асырылады. Қазіргі кезде қанатқақты жоба ретінде Нұр-Сұлтан қаласында қазақ күресі ұлттық спорт түрін орта білім мектептерінде енгізу қарастырылып отыр».

Назерке Үкібасова