Германия консулы «Отырар» медиахолдингінде қонақта болды

220
Германия консулы

«Отырар» медиахолдингіне Германия федералды республикасының Алматыдағы консулы Рената Шимкорайт бастаған делегация келді. Демократияны ту еткен топ жергілікті телеарнаның жұмыс жасау барысымен танысты.

Германия консулы

Қонақтарды қарсы алған медиахолдинг директоры Валентина Куликова екі тілде таралатын жаңалықтар және бағдарламалар бөлімінің жұмысымен жіті таныстырды. Журналистерге жасалған жағдайды көзбен көрген делегация елдегі тыныштық пен татулықты тең ұстап отырған Елбасы саясатына құрметпен қарайтындарын жеткізді.