Облыс прокуроры оқушылармен кездесті

292

Облыстың бас прокуроры оқушылармен кездесу өткізді. Ибраһим Иманов жастар арасындағы қылмысты болдырмау және алдын алу төңірегінде әңгіме өрбітті.

№ 45 мектеп гимназиясының оқушылары прокурормен ашық-сұқбаттасып, еңбек жолындағы қызықтары мен қиыншылықтарын және күнделікті атқаратын жұмыстары турасында білді. Бұл кездесуге қалалық білім бөлімінің басшысы Ынтымақ Мәдиев бастаған білім саласына жауапты мамандар қатысты.

Ғаламтордың жетегіне ерген жастарға кітап оқып, жеке тұлға ретінде қалыптасу қажеттігін жеткізген өңірдің бас прокуроры жаман әдеттен аулақ болуға шақырды.