Бүгінде облыста 200-ден аса жұмыскер маңдай тер, табан ақысын ала алмай жүр. Еңбек инспекторларының сөзіне сенсек, жалақыдан борышкер 7 мекеменің берешегі 20 млн теңгеге жуықтайды.
Жұмыскер еңбекақысын өтей алмай отырған үш мекеменің ісі сотта қаралып жатыр. Қалғандарына заңнама аясында тиісті төлемдерді толық өтеп бітуге мерзім берілген.
Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы жөніндегі басқарманың мәліметіне қарағанда, биыл жалақы қарызының көрсеткіші едәуір артқан. Айта кетейік, былтыр жыл бойына облыс бойынша мекемелердің жалақы қарызы 250 млн теңгеге жуықтаған болса, биыл бір тоқсанның өзінде еңбекақы берешегі бұл сомадан 8 млн теңгеге артық.
Жұмыс берушілер қызметкерлердің жалақысын төлей алмай отырғандарын қаржылық дағдарыспен байланыстырады. Тапсырыстың азаюы да жұмыс көлемінің кемуіне әсер етті дейді олар.
Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметіне сенсек, бүгінде облыста 5 кәсіпорын банкортқа ұшыраған. Олардың жалақы қарызы 19 млн теңге жеткен.
Айта кетейік, облыста жалақыны өндіру бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма мен облыстық сот актілерін орындау департаменті арасында мемороундум түзілген.