Шымкентте қаланық қақ ортасындағы балабақша өртке оранды. Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыннан түскі сағат 14:30 шамасында 101 нөміріне суыт хабар келіп түскен.
№31 Салтанат балабақшасы Тәуке хан даңғылының бойында орналасқан. Төтенше жағдай орын алған кезде балабақшада 230-ға жуық адам болған екен.
Олардың 200-ден астамы — бүлдіршіндер. Құтқарушылар тез арада адамдарды оқшаулап, бөлмеде тұтанған жалынды ауыздықтады. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.