Шымкентте бір түнде 10-нан астам көлік тоналды

279

Шымкентті бір күнде бірнеше автокөлікті тонау фактісі тіркелді. Таңсәріден сергелдеңге «Отырар» шағынауданының тұрғындары түсті.

Осындағы көп қабатты үйдің ауласында тұрған 10-нан астам көлікті белгісіз біреулер тонап кеткен. Ұрылар барлық темір тұлпардың алдыңғы айнасын сындырып, ішіндегі құнды заттарды қолды етіпті.

Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, оқиғаны тіркеді. Қазір бөтеннің мүлкіне заңсыз қол сұққандар іздестіріліп жатыр. Осы қылмысты ашу мақсатында арнайы топ құрылды.

Көлік иелерінен арыз-шағым алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұимыстары басталды. Тәртіп сақшылары күдіктілер ұсталғаннан кейін толық ақпарат таратуға уәде етті.