Шымкентте көлік терең шұңқырға түсіп кетті

358

Шымкентте көлігімен келе жатқан жүргізуші терең шұңқырға түсіп кетті. Оқиға түнгі сағат 11-ден асқанда Қаратөбе тасжолының бойында, «Фиркан» сауда орталығына жақын жерде болды.

Лада көлігінің жүргізушісі коммуналды қызметтің жұмысшылары қазған шұңқырға көлігімен түсіп кеткен. Шұңқыр жолдың ортасынан қазылған.

Жүргізуші жолдың қарсы бағытынан келген басқа көліктің шамынан көзіп шағылысып кетті дейді. Оның үстіне түні бойы жауған жаңбырдан жол тайғақ болып, тежегішім ұстамай қалды дейді. Сол күні шұңқырға құлап кеткен.

Көлік жүргізушісі

Бір айта кетерлігі, шұңқырдың айналасында ескерту белгілері жоқ. Сағатына 20 шақырыммен жүруді білдіретін белгінің өзі жолдың шетіндегі жаяу жүргіншілер соқпағында тұр.

Коммуналды саланың жұмысшылары шұңқырды бір кеште қазып кеткен. Мұны сол маңда тұратын азаматша да растап отыр. Абырой болғанда жүргізуші аман. Көлікте жалғыз өзі болыпты. Дегенмен, машинасының тұмсығы қираған. Қазір мәселенің мән-жайын полицейлер тексеріп жатыр.