Облыстық туберкулезге қарсы диспансер жаңа мекенжайға көшірілмек. Бұл үшін жергілікті билік қала сыртынан 10 гектар жер бөлді.
Құрылыс жұмыстарына қажетті құжаттар дайындалуда. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сейітжамал Пакеев тілшілермен өткен брифингте мәлім етті.
Айта кетейік, Шымкентте қала ортасында орналасқан туберкулезге қарсы диспансерге қатысты бірнеше рет дау шыққан. Бірқатар олқылықтар табылған емдеу орталығының басшылығы айыппұл да төлеген. Соған байланысты емдеу орталығы жабылуы мүмкін деген де мәліметтер тарап кеткен.
Өңіріміздің бас дәрігері өзге де жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, өңірде дәрігер мамандардың тапшылығы бір жылдың ішінде екі пайызға төмендеген. Өкпе ауруына шалдыққан саны екі есеге азайыпты. Тұрғындар арасында өлім-жітім азайып, адамдардың өмір сүру жасы 2 жылға ұзарды.