Жамбыл тұрғыны Шымкенттен көлік ұрлаған

330
Жамбыл тұрғыны Шымкенттен көлік ұрлаған
Күдікті

Шымкенттің полицейлері көлік ұрлаумен айналысқан өзге облыстың тұрғынын ұстады. Наурыз айының орта шенінде Қаратау полиция бөліміне 38 жастағы қала тұрғыны шағымданып келеді. Ол азаматтың айтуынша, Нұрсәт шағынауданындағы үйлердің жанына қойып кеткен Тойота Камри көлігін біреу ұрлап кеткен.

Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімі
Шымкенттегі Қаратау полиция бөлімі

Арада 10 күн өткен соң дәл осындай шағым жасаған тағы бір тұрғын Ауди-100 автокөлігінен айрылып қалғанын айтады. Осы қылмыстарға қатысты арнайы топ құрылып, шұғыл қызметкерлер іске кіріседі.

Соның нәтижесінде 1985 жылы туған Жамбыл облысының тұрғыны күдікті ретінде анықталып, ұсталды. Ол жігіт алғашқы сұрақ-жауап алу барысында өз ісін мойындап отыр.

Жамбыл тұрғыны Шымкенттен көлік ұрлаған
Күдікті

Тергеушілер күдіктінің кемінде екі көлік ұрлағанын анықтады. Ол қараңғылықты пайдаланып, көліктің есігін сыммен ашып, айдап кетіп отырған. Ұрлаған көліктерінің бірін Шымкентте жасырып, ал екіншісін Таразға айдап әкеткен. Сонда сатып, қарызымнан құтылмақ болдым дейді.

Жамбыл тұрғыны Шымкенттен көлік ұрлаған
Ұрланған екі көлік

Айғақ зат ретінде тәркіленген көліктер өз иелеріне кері қайтарылды. Қазір қамауда жатқан жігіттің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Осы фактілер бойынша қылмысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу-тексеру жалғасуда.