Жарылған құбырлар жылу жүйесіне тиесілі болып шықты

407

Шымкентте 12 сәуір күні жарылған құбыр жылу жүйесіне тиесілі. Бұл туралы «Қуат жылу орталығы» мекемесінің мамандары мәлімдеді.

Айтуларынша, сығымдау жұмыстары басталған алғашқы күннің өзінде-ақ қаланың үш жерінде құбыр жарылып, ақау пайда болған. Биыл жылыту маусымын 25 наурызда аяқтаған мамандар қаладағы жылу жүйелерінің сапасын анықтамақ болыпты.

Мамандар сығымдау жұмыстарының басталғаны туралы көп қабатты үй тұрғындарына алдын ала ескертілген деп отыр.

Нұрлан Жаңабай