Күнгейлік боксшы Жайна Шекербекова облыс қоржынына олимпиадалық жолдама салды

266
Жайна Әлем чемпионатының алтын медалінен дәмелі

Жерлесіміз Астанада әйелдер боксынан өтіп жатқан Әлем чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол дегеніміз кем дегенде қола медаль. Ал бұл доданың әр бір медалі спортшыға Риода сынға түсуге мүмкүндік береді. Бұл оңтүстікке бұйырған 17-лицензия! Ширек финалда Жайна германиялық Азизе Ниманимен тартысқа түскен болатын. Ауыр жекпе-жектің қорытындысы бойынша 3:0 есебімен біздің бойжеткен жеңіске жетті.

Жайна Әлем чемпионатының алтын медалінен дәмелі
Жайна Әлем чемпионатының алтын медалінен дәмелі

Шекербекова Жайна Құрманғалиқызы- ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы! Республикалық Спартакиада жеңімпазы.Бірнеше xалықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері! Азия чемпионы 2010жыл. Азия ойындарының күміс жүлдегері 2014 жыл. Күштілер турнирінің жеңімпазы.Жаттықтырушысы Виктор Иосифұлы Нечай!
Астана қаласындағы әлем чемпионатында 51 кг салмақта өнер көрсетуде.