Шымкентте жеңіс күнін тойлау басталды

457

Шымкентте Ұлы Жеңістің 71 жылдығын атап өту басталып кетті. Абай ауданына қарасты Тельман бөлімшесінде ардагерлерге арналған құрмет іс-шарасы өтті. Жиналған топ алдымен Кеңес Одағының батыры Ережепбай Молдабаевтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, қаруластарына құрмет көрсетті.

13183162_835682936537682_890117818_n

Сұм соғыстағы ерлікті еске алған ардагерлердің айтуынша, сұрапыл жылдар салған жарасын жадынан шығармақ емес.

Әлиосман Әскеров
Әлиосман Әскеров

Әлиосман Әскеров, ҰОС ардагері: «Мен Берлин түбіндегі шайқаста болдым, қызметіміз ауыр еді. Әлі есімде, талай қаруластарым көз алдымда жаудың қолынан қаза тапты. Мен бұл күндерді ешқашан ұмытпаймын! Есесіне, біз тәуелсіздік алдық, жеңіс біздің жағымызда болды! Соны ойлап қана өзімді жұбатамын. Елімізде ешқашан соғыс болмасын, жастар қиыншылық көрмесінші деп тілеймін әрдайым!»

«Жеңістің таңы мәңгілік!» атты шарада мектеп оқушылары жаудан жерді қызғыштай қорғаған жауынгерлер алдында танымдық баяндамалар оқыды. Патриоттық тақырыптағы жыр-жолдарын айтып, ән -тартуларын ұсынды. Ал қарт майдангерлер сұрапыл соғыс жылдарынан естеліктер айтып, қаруластарын еске алуды ұмыт қалдырмады. Айта өтетін ақпар, екінші дүниежүзілік соғысқа күнгейдің 144 мың азаматы аттанған. Оның 35 мыңға жуығы елге аман оралды. Бүгінде сол жауынгерлердің 332-сінің көзі тірі.